Астана қаласы әкімдігінің «№89 «Қыз Жібек» балабақшасы » мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны жедел басқару құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады.
Кәсіпорын Астана қаласы әкімдігінің 2016 жылғы «21» қаңтардағы қаулысына сәйкес құрылды.
Біздің миссиямыз: Жоғары адамгершілік құндылықтарға бағытталған инновациялық дамып келе жатқан білім беру ортасы жағдайында балалардың зияткерлік әлеуетін дамытуға ықпал ету.
Стратегиялық мақсаты: құзыреттілік тәсіл, сұраныс және экономикалық тұтастық негізінде инновациялық білім беру моделін құру және енгізу.
Міндеттер
- Педагогикалық құзыреттілікті қалыптастыру және жетілдіру, балабақшаның кадрлық әлеуетін дамыту.
- Баланың шығармашылық қабілеттерін арттыру және зияткерлік мүмкіндіктерін ашу үшін жағдай жасау.
- Ата-аналар жұртшылығымен жұмыс жүйесін жетілдіру.
- Ұсынылатын қызметтердің жоғары сапасын қамтамасыз ету, оның барлық қатысушыларының өзара іс-қимылын оңтайландыру үшін материалдық-техникалық базаны нығайту.
Мақсаты: мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу, олардың денсаулығын сақтау және нығайту, дене, зияткерлік және адамгершілігін дамыту.
Негізгі міндеттер:
- Баланың рухани және физикалық мүмкіндіктерін ашу;
- Адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру;
- Азаматтық пен патриотизмге , Отанға-Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу;
- Баланың жан-жақты дамуына жағдай жасау, оның даралығын, шығармашылық әлеуетін қалыптастыру, оны туған мәдениетінің бастауына, ұлттық салт-дәстүрлеріне баулу;
- Тұлғалық-бағдарлы қарым-қатынас принциптерінде қажетті өмір сүру дағдыларын тәрбиелеу.
Болу шарттары
«Қыз Жібек» мемлекеттік балабақшасының орналасу бірегейлігі Астана қаласы, Есіл ауданы, «Комсомольский» ЖМ, Қыз Жібек көшесі 30, балабақша тыныш және таза ауданда, қала орталығынан алыс емес жерде орналасқандығы сөзсіз. Балабақша 280 орынға есептелген, жалпы топ саны – 12, оның ішінде 2 логопедтік топ. Білім беру үдерісі мемлекеттік және орыс тілдерінде жүзеге асырылады. Балабақшада балаларға ыңғайлы болу, дамыту және оқыту үшін барлық қажетті жағдайлар бар: кең ойын және жатын бөлмелер, жабдықталған кабинеттер, музыкалық зал, асхана, дидактикалық құралдар мен ойыншықтар.
«Қыз Жібек «балабақшасы мемлекеттік мерекелер мен демалыс күндерін қоспағанда аптасына 5 күн жұмыс істейді. Баланың балабақшада болу ұзақтығы 7.30-дан 18.00-ге дейін.
Қауіпсіздік
Балабақша қауіпсіздігін заманауи сыртқы бейнебақылау жүйесі және лицензияланған Күзет агенттігі қамтамасыз етеді. Сондай-ақ шұғыл жағдайларда жедел әрекет ету тобын шақыру үшін дабыл түймесі бар.
Бала бақшаға тек белгілі бір тұлғалар тобына немесе тұлғаларға (бала бақшамен танысуға тілек білдіргенде) алдын ала келісім бойынша баруға болады.
