Семинар:Тәжірбие алмасу кәсіби қәжеттілікті шыңдау
Балабақшамызда 08 қазан күні 89 «Қыз-Жібек» балабақшасында «Ерекше балалармен жұмыс жасау» тақырыбында әдістемелік отырыс өткен болатын. Мақсаты:Ерекше балаларға білім беруде қолданылатын әдістер мен бағдарламалар. Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды оқытуда, тәрбиелеуде, дамытуда және әлеуметтік бейімдеуде психологиялық-педагогикалық қолдау ерекшеліктері.
Педагогтердің кәсіби қажеттілігін дамыту – оның тәжірибе арқылы үздіксіз өз білімін жетілдіріп, дамып, шыңдауға әкелетін тың жаңалықтарды қабылдау мен меңгертудің қарқынды үдерісі. Педагогикалық тәжірибе- шығармашылық ізденіс, жаңалығы бар тәжірибе, жаңашылдардың тәжірибесі іспеттес. Айта кетейік семинар 76 «Әдемі»балабақшасының әдіскері мен мамандары және педагог-асистенттері келді. Семинар соңында қатысушылар арасында кері байланыс орнатылып, шебер ұстаздар тәжірибелерімен өзара кеңінен бөлісті. Аталмыш семинар жоғарғы дәрежеде ұйымдастырылды. Кәсіби шеберлігін шыңдауға қатысқан барлық ұстаздарға шығармашылық табыс тілейміз!

