Астана қаласы әкімдігінің «№89 «Қыз Жібек» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны2024 жылдың 12 қаңтар   күні келесі бос лауазымдарға конкурс болатындығын хабарлайды:


Бос жұмыс орындары:
1.Тәрбиеші – 4  бос орын (оқыту тілі – орыс тілі, қазақ тілі)
2.Психолог – 1 бос орын (оқыту тілі – қазақ тілі)
3.Логопед – 1 бос орын (оқыту тілі – қазақ тілі)
4.Музыка жетекшісі – 1 бос орын (оқыту тілі – орыс тілі)
   Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары: жоғары педагогикалық білім, біліктілік сәйкестігі, біліктілік санаты: педагог, педагог-модератор, педагог-сарапшы, педагог-зерттеуші, педагог-шебер;
   Қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды электронды немесе қағаз түрінде жолдайды:
1) Нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8)наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
10) Нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.
    Конкурсқа құжаттарды қабылдау 2023 жылдың                   04 қаңтар – 11 қаңтар  күндері аралығында жүзеге асырылады.
Мекен-жайы: Астана қаласы, Нұра ауданы, Комсомольский тұрғын үй алабы, Қыз Жібек 30 ғим.
Электронды пошта: yasli_sad89@mail.ru,
Байланыс нөмірі: 8(7172) 24-93-42

Similar Posts

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *