Астана қаласы әкімдігінің «№89 «Қыз Жібек» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

2024 жылдың 18 қараша  күні келесі бос лауазымдарға конкурс болатындығын хабарлайды:

Бос жұмыс орындары:

  1. Тәрбиеші – 1  бос орын (оқыту тілі –  қазақ тілі )
  2. Логопед – 1 бос орын (оқыту тілі – орыс тілі)
  3. Методист – 1 бос орын ( оқыту тілі – екі тілді)

   Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары: жоғары педагогикалық білім, біліктілік сәйкестігі, біліктілік санаты: педагог, педагог-модератор, педагог-сарапшы, педагог-зерттеуші, педагог-шебер;

   Қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды электронды немесе қағаз түрінде жолдайды:

1) Нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8)наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).

10) Нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.

    Конкурсқа құжаттарды қабылдау 2024 жылдың                   18 қараша – 29 қараша  күндері аралығында жүзеге асырылады.

Мекен-жайы: Астана қаласы, Нұра ауданы, Комсомольский тұрғын үй алабы, Қыз Жібек 30 ғим.

Электронды пошта: yasli_sad89@mail.ru,

Байланыс нөмірі: 8(7172) 24-93-42

Similar Posts

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *