Астана қаласы әкімдігінің «№89 «Қыз Жібек» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
2024 жылдың 05 желтоқсан күні келесі бос лауазымдарға конкурс болатындығын хабарлайды:
Бос жұмыс орындары:
- Тәрбиеші – 1 бос орын (оқыту тілі –қазақ тілі )
- Логопед – 1 бос орын (оқыту тілі – қазақ тілі)
- Әдіскер — 1 бос орын ( оқыту тілі – екі тілді)
- Хореограф – 1 бос орын ( оқыту тілі – екі тілді)
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары: жоғары педагогикалық білім, біліктілік сәйкестігі, біліктілік санаты: педагог, педагог-модератор, педагог-сарапшы, педагог-зерттеуші, педагог-шебер;
Қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды электронды немесе қағаз түрінде жолдайды:
1) Нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8)наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
10) Нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.
Конкурсқа құжаттарды қабылдау 2024 жылдың 05 желтоқсан – 20 желтоқсан күндері аралығында жүзеге асырылады.
Мекен-жайы: Астана қаласы, Нұра ауданы, Комсомольский тұрғын үй алабы, Қыз Жібек 30 ғим.
Электронды пошта: yasli_sad89@mail.ru,
Байланыс нөмірі: 8(7172) 24-93-42
